Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» Қарттар күні және әлеуметтік қызметкерлер күнін атап өтуі

2017 жылдың 7-қазанында Орталық Қарттар күні мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің күніне арнап мереке ұйымдастырды.                  

Мерекелік сахнада мүкіндігі шектеулі ерекше балалар                  

мен «Ностальгия» вокалдық тобы ән салды  және Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының орындауындағы әсерлі әндер қонақтардың көңілін көтерді 

Концерт Орталықтың әнұранымен ашылды.

Шақырылған қонақтар сахнаға шығып, ізгі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

Ең үздік әлеуметтік қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды.

Думанды мейрам жоғарғы деңгейде өтті!