Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызмет алушылары қарттар күні мерекесіне «Зейд» мейрамханасында болды.

2017 жылдың 10 қазанында «Зейд» мейрамханасының әкімшілігі орталық қызмет алушыларын мерекелік асқа шақырды.

Мерекелік бағдарлама бойынша «Ностальгия» вокальдық және би топтары өнерлерін көрсетті.        

Орталық директоры Р.Ж.Баймагамбетова қонақтарды қарттар күні мерекесімен құттықтап жақсы тілектер айтты.                        

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Әлеуметтік медициналық мекемесі және арнайы әлеуметтік бағдарламалар бақылау бөлімінің жетекшісі  Скуб Илья келіп қызмет алушыларды құттықтады.

№ 3 бөлімше қызмет алушысы Л.Т.Беляеваның өтініші бойынша «Синяя вечность» әнін «Зейд» мейрамханасының әншісі Әбу орындап берді.