Әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарына сәйкес  отбасыларға табыстарына қарай мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалары бар отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінің мөлшерінен төмен азаматтарға тағайындалады (кедейлік шегінің мөлшері – 11 709 тенге).

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болғанда балалар жәрдемақысы тағайындалады (азық-түлік себетінің құны – 17 563 теңге).

Жоғарыда аталған жәрдемақыларды тағайындау мәселесін қарастыру үшін Басқармаға хабарласуға болады (Астана қаласы, Достық көшесі,  13, 1-кабинет, 55-68-34,55-68-40,55-68-21). 

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес өмірлік қиын жағдайына байланысты әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады және дәрі-дәрмек құралдарын сатып алу, медициналық қызметтерді алу, басқа да өмірге қажетті мәселелерді шешу, оның ішінде өмір сүруге қаражаты болмауына байланысты қаржылық қаражаттың аса қажеттілігін жоюға арналған.

Әлеуметтік көмек алу үшін төмендегі құжаттарды қоса отырып өтініш беруі керек:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) мекенжай анықтамасы;

3) Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы

туралы Мәліметтер;

4) адамның (отбасы мұшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжат;

6) өмірлік қиын жағдайына байланысты адамның болған немесе

жоспарланған шығындарын растайтын құжаттар (чектердің,  түбіртектердің

көшірмелері, медициналық қызметтерді көрсетуге шарт).

Әлеуметтік көмектің көлемі 13 айлық есептік көрсеткіштен (29 497 теңге) аспайтын туындаған өмірлік қиын жағдайларын жоюға өтініш берушінің нақты шығындарына (не болмаса алдыңғы шығындарына) байланысты анықталады.
Әлеуметтік көмек көрсету мәселесі жоғарыда аталған құжаттарды Басқармаға тапсырған кезде қарастырылатын болады.