(Қазақша) 2288

(Қазақша)  

 

ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Управление занятости
и социальной
защиты г. Астаны

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында»» ақысыз иога үйірмесі ашылды.

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында»» ақысыз иога үйірмесі ашылды.

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығында» қызметалушылар мен олардың балаларына арнайы иога үйірмесі ашылды.

«Дені саудың – жаны сау» – дегендей қызметалушылар мен олардың бүлдіршіндері асыға күтетін, үйірменің бапкері Махметова К. аптасына 2 мәрте орталығымызға арнайы келіп 2 сағат уақытын бөледі.

«Бұл бастаманың басталғанына 2 айдай уақыт болды. Өзім негізі хореографпын, кейінірек иога спортына қызығушылығым артып, арнайы бапкерлерден тәлім алып, кәсіби иога шебері деген сертификат алдым. Қазіргі таңда тапсырыстарымда арасында тоқтата тұрып қайырымдылық шараларға ден қойып жүрмін. Алдағы жоспарларым ретінде балалар үйіне де барып, үйретсем деймін. Себебі спортпен шұғылданған адам тек физикалық емес сонымен қоса моральды-психологиялық тұрғыда да өзін жақсы сезінеді», – дейді бапкер.

Алтын уақытын сарп еткен осындай қайырымды жанға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жұмысыңызға табыстар тілейміз.

#КризисныйцентрАстаны