(Русский)


(Русский)








НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Пресс-релиз

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Астана қаласының әкімдігінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы бейресми жұмыспен қамтылған халықты өзектендіру, заңдастыру және ел экономикасына тарту жөніндегі өңірлік штабтың бірінші отырысы өтті.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы бейресми жұмыспен қамтылған халықты өзектендіру, заңдастыру және ел экономикасына тарту жөніндегі өңірлік штаб Астана қаласы әкімінің ағымдағы жылғы 15 қаңтардағы өкімімен бекітілді. Штабтың құрамына жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, білім, экономика статистика, еңбек инспекциясы, мемлекеттік кірістер, ішкі істер (көші-қон полициясы, жергілікті полиция қызметі), әділет және т.б. мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

Отырыстың басты тақырыбы – бейресми жұмыспен қамтылған халықты өзектендіру, заңдастыру және ел экономикасына тарту.

Отырыс барысында Астана қаласы бойынша бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру және ел экономикасына және тиісінше міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі  2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары (Жол картасы) туралы; өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды заңдастыру бойынша Астана қаласы аудандық әкімдіктер жанында ұтқырлық топтарды құру туралы; Астана қаласы аудандық әкімдіктер жанында төмен еңбекақы төлейтін және/немесе жалдамалы жұмыскерлердің нақты санын жасыратын кәсіпкерлермен салықтарды толық төлеу мәселелерін қарастыру жөніндегі жұмыс комиссиясын құру туралы;  Елорда тұрғындарын есепке алу бойынша жүйені енгізу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы мәселелер қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.