Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы»» КММ-не Дін проблемаларын зерттеу орталығынан мамандар келіп дәріс оқыды.

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы»» КММ-не Дін проблемаларын зерттеу орталығынан мамандар келіп дәріс оқыды.

Ағымдағы жылдың ақпан айының 5-і күні Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы»» КММ-не Дін проблемаларын зерттеу орталығынан деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту орталығының бөлім басшысы, психолог Қойшиева А.Қ., теология бөлімінің басшысы, дінтанушы Серікбаева Г.И. және орталық маманы, психолог Руатем Н.Е. келіп діни ағымдардың ара жігін анықтауға жеңіл әрі түсінікті шешім жолдарымен таныстырды.

Мамандар психологиялық, және құқықтық кеңес беру, теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккен адамдарды оңалту, ақпарттық түсіндіру іс-шараларын жүргізетіндіктері және т.б. мәселелер жайлы жұмыс жасайтындарын түсіндірді.

Сонымен қоса, орталығымыздың қызметалушыларының сұрақтарына жауап берді:

Қызметалушы: Діни сауатымды арттырып, балаларыма дұрыс тәрбие берсем деймін, осыған орай интернетке кіре қалсам самсаған сайттар мен ұсынылған белгісіз, күмәнді баспалардың жинақтары, осылардың қайсысы сенімді ақпарат бере алады?

Серікбаева Г.И.: Сұрағыңыз өте орынды, сол себептен де қазіргі таңда елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ашылған болатын. Министрлік қазіргі таңда сенімді сайттар мен оқуға рұқсат етілген әдебиеттер тізімін жасап шығарды, олар:

www.din.gov.kz, niac.gov.kz, mckr.kz, сенім телефоны – 2288, «e-islam.kz», «muftyat.kz», «azan.kz», «muslim.kz», «ummet.kz», «sunna.kz», «fatua.kz», «islam-atyrau.kz», «mazhab.kz», «islam.kz». 

#КризисныйцентрАстаны