(Русский)


(Русский)








НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Ағымдағы жылғы қаңтар айында 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

  2018  жылғы қаңтар айында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына 1673 адам жұмысқа орналасу сұрақтарымен  жүгінген.

Олардың ішінде 661 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды. Атап айтқанда, 302 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты,  349  қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 6 адам жастар практикасынан өтуге жолдама алды.

Ағымдағы жылы 700 адамды қысқа мерзімді қайта даяарлау курстарымен қамту жоспарлануда.

Бүгінгі күні «Электронды еңбек биржасы» www.enbek.kz порталында  Астана қаласы бойынша 4501 бос жұмыс орындары тіркелген.

2018 жылғы қаңтар айында елордада 1090 жаңа жұмыс орындары құрылған, оның 25-і құрылыс саласында, 71-і білім беру саласында, 19-ы бөлшек сауда, шағын және орта бизнесте – 970 және басқалар.