(Русский)


(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен «Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасы әзірленді.

Аталған мәслихаттың шешімі жобасымен жолаушылар көлігінде жеңілдікті жол жүруге құқығы бар азамттардың санатына көп балалы отбасылар, көп балалы аналар ішінен атаулы әлеуметтік көмек алушыларды (өтініш берушілер) және мүгедек балалардың ата-аналарын енгізу көзделеді.

Осыған орай, 2018 жылдың 23 ақпанында сағат 10:00-де  Достық к-сі, 13 «Нұрсая-2» ТК бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының акт залында аталған жобаға реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне қоғамдық талқылау өтеді.

БАҚ-тың өкілдерін қатысуға шақырамыз!