ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Управление занятости
и социальной
защиты г. Астаны

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Ақпан айының 12-і жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-де тәрбиешінің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті.

Ақпан айының 12-і жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-де  тәрбиешінің ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті.

Орталығымыздың тәрбиешісі, Есембаева Г.Т.-ның ұйымдастыруымен «Менің отбасым» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты балаларлың отбасылары туралы пікірлерін біліп, әке мен шешенің жанұядағы алатын орнын түсіндірумен басталды.

«Отбасын құру жеткіліксіз, оны үнемі бақылап, балаларына жақсы қасиеттерді үйретіп, қамтамасыз етіп отыру, отбасында әр адамның өз рөлінің болуы, әкесі мен анасының жұмыс жасап, балалары бір-біріне демеу болып, міндеттерін өте жақсы орындаса отбасының керегесі кең, босағасы берік болады», – деп тәрбиеші бүлдіршіндерге қысқаша түсіндіріп өтті.

Отбасы ұғымын терең түсінетін орталықтың балақайлары одан әрі өз армандарымен бөлісті. Бірі биші, бірі күйші болуды армандаса, Қамбарова А. алдымен мектепті алтын белгіге тәмәмдап, Қазақстандағы ең беделді ЖОО-ның бірін қызылға бітіріп, прокурор болсам деген арманымен бөлісті.

«Талаптыға нұр жауар» – талаптылардың талап еткен тілектері орындалып, елдің ел болуына үлестерін қосуға біз шын жүректен тілектеспіз!

#КризисныйцентрАстаны