ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Управление занятости
и социальной
защиты г. Астаны

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

«Дағдарыс орталығы» 8 Наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай демалыс орнына барды.

«Дағдарыс орталығы» 8 Наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай демалыс орнына барды.

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-і мен «Клуб Добряков» ұйымының ұйымдастыруымен орталықтың қызметалушылары мен бүлдіршіндері қала шетінде орналасқан «Ақбозат» демалыс орталығына барып, жанға жайлы мекеннің меймандары болып қайтты.

2015 жылы Гүлмира Абдрашеваның бастамасымен құрылған «Клуб Добряков» ұйымы  бүгінде 3 жылдығын атап өтуде. Осыған орай елордамыздың көп балалы аналарын, «Даун» ауруына ұшыраған балаларды, қарттар үйін және орталығымыздың балалақайларын жинап мерекелік кеш ұйымдастырып, дастархан жайды.

«Интернеттің пайда болуымен байланысты 6 құрлықтан құралған жер планетасының кішіреюі көрініс тапты. Әлемде жер көлемі жөнінен 9-шы орын алатын Ұлан байтақ еліміз де бұл үрдістен шет қалмады. Себебі бұрынырақта бір жайт орын алса, ол басқа қалада ғой деген ой болатын, ал бүгінде ондай түсінік күн өткен сайын қалып барады. Бастапқы жылы көмек қажет кезде шешілмейтіндей болатын мәселелер бүгінде интернеттің арқасында шешімдерін табуда. Қазіргі таңда «клуб Добряков ұйымы» Қарағанды, Шымкент, Алматы және Астана қалаларында бар», – дейді Гүлмира Абдрашева.

Мерекелік кешке қатысып қайтқан орталықтың бүлдіршіндері теледидар мен ертегілерде көріп, оқыған: Халк, Стефан, Малисифента, Өрмекші адам және Темір адам сынды кейіпкерлермен бірге ойын ойнап, би билеп, естелікке суретке түсті.

Керемет көңілде орталығымызға оралған балақайлар барынша орталық ұжымына алғыстарын білдірді.

#КризисныйцентрАстаны