ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Управление занятости
и социальной
защиты г. Астаны

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-де орталықтың ұжымы мен «Клуб Добряков» қайырымдылық ұйымы бірлесіп түскі ас ұйымдастырды.

Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ-де орталықтың ұжымы мен «Клуб Добряков» қайырымдылық ұйымы бірлесіп түскі ас ұйымдастырды.

Қалың қардың еріп, қатаң да суық қыстан кейін жайма шуақ көктем мезгілінің келуіне орай орталығымыздың қызмет алушылары мен олардың балаларына арналып жайылған ақ дастарханнан тойына ас ішіп, тәттілердің түр-түрінен дәм татты.

Өмірдің қиын тұсындағы жандарды айықтыру мақсатында әр қилы тақырыпта жиі ұйымдастырылып тұратын шаралардың пайдасы өте зор екендігі мына суреттерден байқалады. Әрбір берілген дәм, сыйлыққа тарту етілген тәттілер, бүлдіршіндер киімдерін жалға беретін орталықтың ақысыз сертификаты және сән салонына әйелдерге берілген ақысыз сертификаты жандарын жадыратпай қоймады.

Көңілдерін көтеріп, жағымды эмоция қалыптастырған «Дағдарыс орталығы» мен «Клуб Добряковтың» мейірімді жандарына орталықтың қызметалушылары алғыстарын білдірді.

#КризисныйцентрАстаны