(Русский)


(Русский)








НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» 2018 жылдың 13 наурызында «Астана» концерт залында «U-Sana» атты балаларға арналған қойылымын ұсынды.

Заманауи «Гаджетсіздену» тақырыбында өткен қызықты қойылымға Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ – нің бүлдіршіндері барып қайтты.

Құйқылжып, мың бұралған бишілердің биімен басталған қойылымның мәні мынада: Бұл жағдаймен қазіргі заманда бүкіл отбасы таныс. Ол — гаджеттерге тәуелділік. Бір үйдің Еркін, Ермек, Айгүл деген балалары өте жақсы оқып, ата-анасымен бақытты өмір сүріп жатқан кез. Үшеуі де тәртіпті, кітаппен дос еді. Барлық оқиға Асан деген көрші баланың планшетпен ойнап жүргенінен басталды. Балалар оған қатты қызықты. Отбасындағы өте құнды саналатын анасына қимас домбыраны планшетке айырбастап алдырады. Ойынға берілген балалар анасын тыңдаудан қалып, компьютерлік ойындар иесі Усананың ықпалына көніп тынады. Ана жүрегі жоғалған балаларын іздеп таба алмайды.

Еркіннің мақсаты — ағаларын құтқару. Ағаларын тапқанымен олар Усананың ықпалынан шыға алмайтын дәрежеде еді. Усананың құлына айналған балалар өткен өмірін ұмытып, іздеп келген бауырына да қарамайтын жағдайға келеді. Ойынға тәуелді болған балаларын тұтқыннан шығару үшін Еркін мен анасы бұрынғы өмірлеріне қайта әкелуге бар күшін жұмсайды. Еркін бауырларын жамандықтан құтқарып, бұрынғы өмірлеріне қайта әкеледі.

Қойылым ғаламтор жетегінде кетіп, білімнен алыстап тек ойынның соңына түскен балаларды білім әлеміне жетелейді. Әлемдік мәселеге айналған гаджетсіздену тақырыбын қозғайды.

Мағыналы көрініс көрген орталықтың балақайлары үлкен адамдарша ойға батып, жүздерінен бір сәтке балалықтың қылығы арылғандай әсер қалдырды.

#КризисныйцентрАстаны