(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2017 жылғы корытындылары бойынша ақпарат

Басқарманың маңызды міндеттері – нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Астана қаласы халқының әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясаттты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқармасымен 22 түрлі, оның ішінде: Баламалы негізде «ХҚКО» РМК филиалдары және «Электрондық үкімет» веб-портал арқылы 18 түрлі, баламасыз негізде Басқарма арқылы- 1, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы- 1, Мемлекеттік корпорация арқылы -2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Жыл басынан Басқармамен 192590 мемлекеттік қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорациясымен – 15932, мемлекеттік орган арқылы – 176101, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 557 қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту саласында – 23694 қызмет көрсетілді, көші-қон саласында– 7878 қызмет, әлеуметтік салада – 161018.

110 мыңнан астам адам 5,1 млрд жалпы сомаға әлеуметтік көмекпен қамтылды. 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысымен 17 мыңнан астам адам қамтылды. Оңалту қызметтер 13 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетілді.

Басқарма стационар, соңдай-ақ жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 8 ведомствоға қарасты мекемелерінің қызметтерін үйлестірушісі болып табылады:

– «Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (404 адам қамтылды);

– «Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (282 адам қамтылды).

– «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (264 адам қамтылды);

– Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған алдамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ (1532 адам қамтылды);

– Қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы (6168 адам);

– «Үміт» дағдарыс орталығы (184 адам, оның ішінде 50 әйелдер);

– Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы;

– Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (901адам).

Арнаулы әлеуметтік қызметтерімен жалпы қамтылған тұлғалардың саны 3936 адамды құрады.

Үкіметтік емес ұйымдармен арнаулы әлеуметтік қызметтерімен 369 мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар қамтылды.

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

2012-2017 жылдар аралығында 1106 объект паспортталды, 506 объект, оның ішінде мемлекеттік қорынан 143 объект және кәсіпкерліктің 363 объектілері қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.

 

Жұмыспен қамту

Жұмыссыздықпен қарсы күрес бойынша белсенді шараларды қолдану жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2017 жылдың қорытындылары бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6%құрайды (4,7% жоспарында). Елорда жұмыссыздық бойынша ең төмен деңгейімен көшбасшы позициясын иеленді, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3 %-ға төмен. Жастар арасындағы (15-28 жастағылар) – 4,5% (4,7% жоспарында) және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6% (4,9% жоспарында) құрайды.

Еңбек нарығы жағдайының тұрақталуы шеңберінде 2017 жылға арналған Астана қаласының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенді жоспары әзірленді, оның негізіне жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту бойынша шаралар енді. Мемлекеттік, үкіметтік және басқа да бағдарламалар бойынша жобаларды іске асыру және 21730 адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған. 2017 жылдың қорытындылары бойынша орындау 108%-ды (23429 адам) құрады.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша хабарласқан санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 55,4 пайызды құрады. Жұмыс іздеуде хабарласқандардыңм саны – 15681 адам, 8694 – жұмысқа (4728- тұрақты орындар, 607 – уақытша орындар, 915 – жастар практикасына, 220 – әлеуметтік жұмыс орындарға және 2224 – қоғамдық жұмыстарға) орналасты және кәсіптіку оқытуға 546 адам жолданды.

2017 жылдың есептік кезеңінің сонына есепте 4290 адам, оның ішінде 3267 жұмыссыз адамдар тұр (оның ішінде: 1710 әйелдер және 29 жасқа дейінгі 1043 жастар).