(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта

Атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  2017 жылғы 31 желтоқсандағы қолданыстағы үш әлеуметтік төлемдердің біріктірілуі есебінен жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, әлеуметтік көмекалу үшін азаматтар Жұмыспен қамту орталығына хабарласады;

– 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға кірістеріне қарамай республикалық бюджеттен төленетін арнаулы мемелекеттік жәрдемақылар (АМЖ);

– отбасының кірістерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын табысы аз отбасыларға 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы (МБЖ);

– отбасының кірістерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен табысы аз үй шаруашылығына берiлетін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Шартсыз ақшалай көмек:

– жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға, белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты, отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелері бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартты бағып-күтуді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. Осы жағдайдағы отбасыларға  жұмыспен қамту шаралары жәрдемақы алуға қажет етпейді.

Шартты ақшалай көмек:

– жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі, 6 айға тағайындалады және ай сайын төленеді. Біздің міндетіміз табысы аз еңбекке қабілетті отбасы тек қана жәрдемақыны алмай, пассивті ақшалай көмектен отбасын белсенді қолдауға ауысып, әлеуметтік бейімделген және кәсіптік бағдарланған болуы тиіс.

Жаңа форматтағы АӘК көрсету үшін бірыңғай критерий – ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан 50% төмен орташа жан басына шаққандағы табысының болуы.
Отбасының жиынтық табысын есептегенде, отбасы және отбасының бірге тұратын барлық
мүшелері, жалпы үй шаруашылығын басқаратын және бір елді мекенде тұрғылықты жерінде
тіркелгені ескеріледі. ТЖА-ға өтініш білдіретін отбасы құрамы өтініш берген кезде ескеріледі. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде есептік кезеңге түскен табыстың барлық түрлері (АӘК үшін өтініш айына дейінгі тоқсан үшін) есепке алынады.

2018 жылдың 1 тоқсанында кедейлік шегінен туралы мәліметтерге сәйкес ең төменгі күнкөріс деңгейінің (30 000 теңге) 50% – 15 000 теңге. Адамға (отбасына) әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген (15 000 теңге) айырма ретінде есептеледі.

– Осы жылдың басынан АӘК жаңа форматтағы тағайындау бойынша 4798 адам кеңес берілді.

361 отбасынан өтініш қабылданды, оның ішінде  1818 адам, шартсыз ақылы көмек бойынша – 151 отбасы, оның ішінде  920 адам және шартты ақылы көмек бойынша – 210 отбасы, оның ішінде 898 адамды құрайды.

АӘК тағайындауту үшін «Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына» хабарласуы тиіс. Бейбітшілік к-сі, 25-үй.