(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2018 жылғы 1 тоқсандағы корытындылары бойынша ақпарат

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2018 жылғы 1 тоқсандағы  корытындылары бойынша ақпарат 

Басқарманың маңызды міндеттері – нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, Астана қаласы халқының әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында мемлекеттік саясаттты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Басқармасымен 22 түрлі, оның ішінде: Баламалы негізде «ХҚКО» РМК филиалдары және «Электрондық үкімет» веб-портал арқылы 18 түрлі, баламасыз негізде Басқарма арқылы- 1, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ арқылы- 1, Мемлекеттік корпорация арқылы -2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Жыл басынан Басқармамен 36047 мемлекеттік қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорациясымен – 9088, мемлекеттік орган арқылы – 26775, оның ішінде 8720 ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 184 қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту саласында – 7850, көші-қон саласында– 1592 қызмет, әлеуметтік салада – 20657, тұрғын үй саласында- 6038 қызмет көрсетілді.

2018 жылы 120 мыңнан астам адам әлеуметтік көмекпен қамтылу жоспарлануда, оның ішінде 82573 жасы бойынша зейнеткерлер, оның ішінде ҰОС ардагерлері – 95, 23069 мүмкіндігі шектеулі адамдар, оның ішінде – 4379 мүгедек балалар, 10386 – көп балалы отбасылар, 4404 -«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері бар көп балалы аналар, 5 мыннан астам – аз қамтылған азаматтар

2018 жылдан бастап алдыңғы көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмектің орнына жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек – бірыңғай жәрдемақы енгізілді, көмекті алуға азаматтар Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы кеңес беруді, құжаттар қабылдауды, төлемдерді тағайындауға шешімнің қорытынды жобасын дайындауды, жұмысқа орналасуға қатысу үшін әлеуметтік келісім шарт жасасуды және әлеуметтік келісімшарт талаптарын іске асыру бойынша отбасыларды ертіп жүруді қамтамасыз ететін бірыңғай операторы болып табылады.

Жаңа форматтағы АӘК көрсету үшін бірыңғай критерийі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан 50% (15 мың теңге) төмен орташа жан басына шаққандағы табысының болуы табылады.

Ағымдағы жылдың басынан жаңа форматтағы АӘК тағайындау бойынша 2602 адамға кеңес берілді. АӘК 361 отбасыларға, оның ішінде 1818 адамға, шартты ақшалай көмек 151 отбасыларға, оның ішінде 920 адамға, шартсыз ақшалай көмек – 210 отбасыларға, оның ішінде 898 адамға тағайындалды.

Оңалту қызметтер 4 мың адамға жуық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрсетілді.

Басқарма стационар, соңдай-ақ жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін 8 ведомствоға қарасты мекемелерінің қызметтерін үйлестірушісі болып табылады:

«Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (366 адам қамтылды);

– «Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (281 адам қамтылды).

– «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (257 адам қамтылды);

– Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған алдамдарды әлеуметке қосу орталығы» КММ (1511 адам қамтылды);

– Қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы (976 адам);

– «Үміт» дағдарыс орталығы (87 адам, оның ішінде 59 әйелдер);

– Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы;

– Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (834 адам).

Арнаулы әлеуметтік қызметтерімен жалпы қамтылған тұлғалардың саны 3544 адамды құрады.

Үкіметтік емес ұйымдармен арнаулы әлеуметтік қызметтерімен 208 мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар қамтылды.

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

2012-2017 жылдар аралығында 1106 объект паспортталды, 506 объект, оның ішінде мемлекеттік қорынан 143 объект және кәсіпкерліктің 363 объектілері қолжетімділікпен қамтамасыз етілді.

Жұмыспен қамту

Жұмыссыздықпен қарсы күрес бойынша белсенді шараларды қолдану жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2017 жылдың қорытындылары бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды (4,7% жоспарында). Елорда жұмыссыздық бойынша ең төмен деңгейімен көшбасшы позициясын иеленді, аталған көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,3 %-ға төмен. Жастар арасындағы (15-28 жастағылар) – 4,5% (4,7% жоспарында) және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6% (4,9% жоспарында) құрайды.

Еңбек нарығы жағдайының тұрақталуы шеңберінде 2017 жылға арналған Астана қаласының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенді жоспары әзірленді, оның негізіне жұмыссыз азаматтарды, оның ішінде халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту бойынша шаралар енді. Мемлекеттік, үкіметтік және басқа да бағдарламалар бойынша жобаларды іске асыру және 24536 адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған. 2018 жылдың қорытындылары бойынша орындау 35%-ды (8588 адам) құрады.

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша хабарласқан санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 37,6 пайызды (51 пайыз жоспарында) құрады. Жұмыс іздеуде хабарласқандардыңм саны – 4411 адам, 1660– жұмысқа (767- тұрақты орындар, 188 – жастар практикасына, 58 – әлеуметтік жұмыс орындарға және 647 – қоғамдық жұмыстарға).

Есептік кезеңінің сонына есепте 4719 адам, оның ішінде 3506 жұмыссыз адамдар тұрды.

Астана қаласы бойынша тұрғын үй алу есебінде 48499 адам тұр.