Шрифт көлемі:
       
A
A
A
Сайттың түсі:
       
Ц
Ц
Ц
Жай нұсқа

8-705-645-06-38

8-705-645-06-53

8-705-645-06-71

8-705-645-06-92

Көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ереже

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Нұр-Сұлтан қаласының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Достық көшесі, № 13.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
  13. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Нұр-Сұлтан қаласының халқын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру.
  2. Міндеттері: гендерлік теңдік қағидатына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
  3. Функциялары:

1) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру;

2) еңбек нарығының жағдайын талдау және болжау;

3) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларын іске асыру;

4) шетелдік жұмыс күшін қолдануды реттеу жолымен ішкі еңбек нарығын қорғауды қамтамасыз ету;

5) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес жұмыс іздеуші тұлғаларды жұмыссыздар ретінде тіркеу;

6) Нұр-Сұлтан қаласындағы еңбек нарығының жағдайы туралы тиісті органдарды және халықты хабардар ету;

7) оралман мәртебесін беру;

8) Оралмандарды уақытша орналастыру орталығында этникалық көшіп-қонушылардың уақытша болуы үшін жағдайлар жасау;

9) атқарушы билік органдарымен бірлесіп – әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

10) мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандары, көп балалы отбасылар, оралмандар және жасы бойынша зейнеткерлер жөнінде деректер банкін қалыптастыру;

11) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру;

12) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

13) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету;

14) кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі тұлғаларға қатысты, сондай-ақ олардың мүліктеріне және сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткендер мен қайтыс болғандардың мүліктеріне қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асыру;

15) халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша болу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдау;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен өзге әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

17) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу;

18) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қатысуы міндетті істердің жекелеген санаттары бойынша соттарға қатысу;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) әлеуметтік көмекке үміткерлерден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құжаттарды сұрату, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру;

2) мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар мен кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;

3) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) өз орынбасарлары мен «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының, басшылар орынбасарларының және бас бухгалтерлердің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

2) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшылары орынбасарларын және бас бухгалтерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын және бас бухгалтерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

4) өз құзыреті шегінде «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

5) «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) Астана қаласы әкімдігінің «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) Астана қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7) Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

8) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

 

________________________________