(Русский)  

 

(Русский)


(Русский)


(Русский)  

 

(Русский)






2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Нұр-Сұлтан қаласының
Жұмыспен қамту
және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г.Нур-Султан Достык 13

Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу туралы көшпелі мобильді топтың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру аясында Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мобильді топ «Әмір» базарына халықты ақпараттандыру үшін шықты.

Кездесуде Нур-Султан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Халықты жұмыспен қамту орталығының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Бірыңғай жинақталған зейнетақы қорының және басқа да тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін – 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК (1263 теңге) құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).

БЖТ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.

БЖТ үлесі мынандай:

-10% – жеке табыс салығы;

-20 % – әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы

– 40 % – міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

Төлем екінші деңгейлі банктер, мобильді қосымшалар kaspi.kz, Smart Astana және Қазпошта арқылы жүргізіледі.