(Русский)


(Русский)








 

 

2288

 

 

НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпараты

Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлт жоспарының  84-қадамын іске асыру шеңберінде ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ міндетін қойды. «Әлеуметтік көмек тек оған шынымен мұқтаж азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады».

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады. Жәрдемақы аз қамтылған отбасылар үшін қолданыстағы әлеуметтік төлемдерді біріктіреді – бұл төрт және одан да көп балалары бар отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).

Жаңа тәсілдер «Халықты әлеуметтік қорғау мәселері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.10.2015 жылғы Заңда көрсетті.

Жаңа форматтағы АӘК көрсету үшін бірыңғай критерийі  ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан 50% (15 мың теңге) төмен орташа жан басына шаққандағы табысының болуы табылады.

Жаңа форматтағы АӘК ендіру «Өрлеу» әлеуметтік жобасы негізінде жүзеге асыру жоспарланады.

«Өрлеу» жобасының және жаңа форматтағы АӘК негізгі тәсілдері еңбекке қабілетті аз қамтылған отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен мемлекеттік көмекті ұсыну болып табылады.

Бағдарламаның негізгі қағидаты әр еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасы мемлекеттен жаңа шартты көмекті ала отырып, кейін жұмысқа орналасумен оқыту үшін немесе аз қамтылған отбасы құрамынан шығу және өзін-өзі қамтуға шағын несие алу үшін бейімделу жағдайына немесе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысатындығына негізделеді.

Ағымдағы жылдың басынан жаңа форматтағы АӘК тағайындау бойынша 2602 адамға кеңес берілді. АӘК 361 отбасыларға, оның ішінде 1818 адамға, шартты ақшалай көмек 151 отбасыларға, оның ішінде 920 адамға, шартсыз ақшалай көмек – 210 отбасыларға, оның ішінде 898 адамға тағайындалды.