(Русский)


(Русский)








НАШАР КӨРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚА

Астана қаласының
Жұмыспен қамту,
еңбек және әлеуметтік
қорғау басқармасы

8 (7172) 55-14-74

г. Астана, ул. Достык, 13

Астана қаласының халқын жұмыспен қамтудың 2018-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Жоба

 

Астана қаласының халқын

жұмыспен қамтудың 2018-2021 жылдарға

арналған тұжырымдамасы

1.Жалпы ережелер

Осы Астана қаласының халқын жұмыспен қамтудың 2018-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына және Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасына сәйкес қоғамдық қайраткерлер, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдар, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері мен жұмыс берушілер тұлғасында сарапшылардың қатысуымен әзірленді.

Тұжырамдама Астана қаласының халқын тиімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша мақсатын, түйінді міндеттері мен негізгі бағыттарын анықтайды.

Тұжырымдама шеңберінде елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, Астана қаласының еңбек нарығының дамуы мүмкін кезеңдері қарастырылды. 

2. Кіріспе

Экономиканың қазiргi заманғы даму жағдайында теңгерімді еңбек нарығы маңызды орын алады.

Жұмыспен қамту еңбек ресурстарына өндірістік сұраным ғана емес экономикалық дамудың қозғалыстағы күші болып табылады.

Жұмыс орындарына сұраныс пен ұсыныстар нарықтық ауытқулары білім жүйесіне қате белгі береді, ол жеке компанияларды дамыту серпінінің тапшылығына, технологиялық артта қалушылыққа және тиісінше экономикалық өсімнің баяулауына апарады.

Керісінше, тиімді еңбек нарығы және тиісінше машықтар қосылған құн сатысы бойынша жоғарыға жылжуға тырысатын қалалар мен елдер үшін қажет, олар инновация канализаторлары болуы, білім трансфертінен пайда жасай алуы мүмкін, және осылайша экономиканың инновациялық секторында жаңа жұмыс орындарын құрудың және экономиканы жаңғыртудың ынтасы ретінде қызмет атқарады.

Демографиялық процесстер, ғаламдандыру, урбанизациялау, техникалық прогресс және шағынэкономикалық дағдарыстар жұмыспен қамту саласында үлкен проблемаларды туындатады. Оларды шеше алмайтын елдер жалақының баяу өсуінің ақаулы аясымен және жұмыс күшінің елеулі бөлігінде жұмысының қанағатсыздығына ұшырауы мүмкін.

Басым мәселелермен қалада халықтың ішкі көші-қоны және келген көшіп-қонушылар үшін жұмыс орындарын құру болады. Шынында, еліміздің қалалық агломерациялары және облыстық орталықтар – бұл ішкі көшіп-қонушылар үшін магниттер. Бұл табиғи процесс болып табылады. Адамдар жағдайлары мен мүмкіндіктері жақсы жаққа ұмтылады.

Сондықтан, көші-қон процестерін ұстамау қажет, көші-қон, еңбек нарығын дамыту, оқыту және жаңа машықтарды алу, қалаға дарындыларды тарту үшін қолайлы орта бағытын жасау дұрыс.

Бұл ретте, елдер мен қалалар адамдарға еңбек нарығына шығуға көмектесу ғана емес, оларды жұмыстан айырылу тәуекелінен немесе жұмыс орындарының төмен сапасынан қорғауымыз, сондай-ақ өзара байланыс әлемінде халықаралық бәсекеге қабілеттілік және экономикалық прогресті жылжыту үшін машықты инвестициялауымыз керек.

Осыған байланысты, Астана қаласына Мемлекет басшысының қойған міндеттерін іске асыру үшін жүргізілетін саясаты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті және инновациялық өндірісті дамыту үшін мамандарды даярлау және машықтарын алу бойынша тиімді еңбек нарығын жасау және тиісті саясатты жүргізу қажет. 

3. Халықты жұмыспен қамту саласындағы ахуалды талдау 

Қазіргі уақытта елордада жұмыссыздықты төмендету мақсатында мынадай Бағдарламалар іске асырылды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы;

Астана қаласы мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 245/47-II шешімімен бекітілген 2003-2005 жылдары кедейшiлiктi төмендету жөнiндегi бағдарламасы;

2006-2007 жылдарға арналған Астана қаласының халқын жұмыспен қамту бағдарламасы;

2008-2010 жылдарға арналған Астана қаласының халқын жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

2010 жылға арналған Жол картасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы.

2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаны іске асырғаннан бастап қалада белгіленген еңбек нарығындағы ахуал тұрақтандырылды және айқын оң нәтижелері көрінеді. Бұған жұмыссыз азаматтар үшін лайықты жұмыс іздеуге жәрдем көрсететін дәйекті және тұрақты шараларды өткізу, еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды және әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын ұйымдастыру мен жетілдіру ықпал етті. 

3.1. Халық саны

Жаңа елорданы дамыту, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымын жақсарту қала халқының жалпы өсуіне ықпал етті.

Соңғы жылдар ішінде елордада туындаған демографиялық ахуалды талдау табиғи өсiмнiң және ішкі көші-қон ағындары ықпалынан халықтың тұрақты өсімін көрсетеді.

2017 жылдың 1 қазанына елорда халқының саны ағымдағы есеп бойынша 1 020 722 адамды, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 450 849 (44,2%), «Есіл» ауданы бойынша – 186 642 (18,3%), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 383 231 (37,5%) құрайды.

2013 жылдың басымен салыстырғанда Астана қаласының жалпы халық саны 242 577 адамға ұлғайды.

Жылдар

Жылдың басына саны

Халық өсімі

Табиғи өсімі
(жылыстауы)

Туғандар

Қайтыс болғандар

Көші-қон ағыны(көші-қон айырымы

)

Келгендер

Кеткендер

жылдың соңы

2013

778 145

36 274

18397

21896

3499

17877

47839

29962

814 419

2014

814 419

38 384

20504

24082

3578

17880

48107

30227

852 803

2015

852 803

19 781

22269

26134

3865

-2488

31008

33496

872 584

2016

872 584

100 108

23794

27845

4051

76 314

135 489

59 175

972 692

2017

972 692

48 030

18 292

21258

2966

29 738

113 605

83 867

1 020 722

(1.10.2017ж.)

Сарапшылардың болжамына сәйкес 2025 жылы Астана халқы 2,0 миллион тұрғынға дейін ұлғаюы мүмкін.

Жылдар

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

2025 жыл

Халық

(млн.адам)

1,1

1,3

1,5

1,8

2,0

 

3.2. Еңбек етуге қабілетті жастағы халық саны

         Астана қаласының Статистика басқармасымен өткізілген халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп тоқсан сайын тексеру деректері бойынша 2017 жылдың үшінші тоқсанында жұмыс күші 510,2 мың адамды құрады, ол халық санында жұмыс күшінің үлесі 72,6%-ды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық – 487,3 мың адам, осымен экономикалық белсенді халықтың жұмыспен қамту деңгейі 95,5%-ға жетті. Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында жалдамалы жұмыскерлердің үлесі 93,7%-ды немесе 456,5 мың адамды құрайды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 6,3% немесе 30,9 мың адамды құрайды. Жұмыссыздардың жалпы саны – 22,9 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5 %.

Бүгінгі күні жұмыспен қамтылған халықтың ішінен ауыл шаруашылықта 3 601 (0,7%), өнеркәсіпте және құрылыста – 116 512 (23,9%) жұмыс істейді және қалған бөлігі 367 221 (75,4%) адам қызмет көрсету саласында (көлік, денсаулық сақтау, сауда, білім, мемлекеттік басқару, ақпарат және байланыс, тұру және тамақтану бойынша қызметтер, қаржылық қызмет және т.б.) қамтылған.

Жұмыспен қамтылған халық ішінен: жоғары және аяқталмаған жоғары білімі – 76,2% (371 329 адам), орта арнаулы білімі – 23,5% (114 645 адам) және орта білімі барлар – 0,3% (1 360 адам). Жасы бойынша: 29 жасқа дейін – 25,5% (124 086 адам), 29-54 жасқа дейін – 67,9% (331 086 адам) және 55 жастан жоғары – 6,6% (32 162 адам).

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны 30,9 мың адамды құрайды. Қызмет салалары бойынша: 27,5% (8,5 мың адам) – көтерме және бөлшек сауда саласында; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, 10,9% (3,4 мың адам) көлікте, 31,1% (9,6 мың адам) құрылыста, 1,5% (0,5 мың адам) өзге де қызмет түрлерін ұсынуда, 5,3% (1,6 мың адам) білімде, 3,7% (1,1 мың адам) ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы саласында, 15,4% (4,7 мың адам) тұру және тамақтану бойынша қызметтерді көрсету саласында және басқа. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ішінен 38% әйелдер құрайды, олар қызмет көрсету (бала күтуші, үй қызметкері, тауарларды және т.б. іске асыру) және жылжымайтын мүлікпен операциясы саласында қамтылғандар. Өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар ішінен нәтижесіз қамтығандар жоқ.

Жұмыссыз халық саны 22,9 мың адамды құрады, оның ішінде: ерлер– 12 310 адам (53,8%), әйелдер 10 583 адам (46,2%). Жұмыспен қамтылмаудың негізгі себептері: шарт мерзімінің аяқталуы, қысқарту – 37,2%, өз еркі – 22,2%, маусымдық жұмыстың аяқталуы – 7,3% және 2,5% жұмысты ұзақ уақыт іздестіруі болып табылады. Жасы бойынша арақатынастағы жұмыссыздар: 29 жасқа дейін – 25,8% (5 898 адам), 29-54 жасқа дейін – 65,5% (14 989 адам) және 55 жастан жоғары – 8,7% (2 006 адам). Білім бойынша: жоғары және аяқталмаған жоғары – 61,3% (14 030 чел.), орта кәсіптік – 35,8% (8 198 адам) және орта мен бастапқы – 2,9% (665 адам). 

3.3. Жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдар

Экономикалық белсенді емес халық 192 102 адамды құрайды (ерлер – 56 624 адам (29,5 %), әйелдер 135 478 адам (70,5 %), оның ішінде: 86 976 зейнеткерлер, 23 069 мүмкіндігі шектеулі адамдар, колледждер және ЖОО – 78 783 адам.

Халық санында жұмыс күшінің құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 27,4 %-ды құрайды.

Анықтамалы: 0 ден 7 жасқа дейінгі балалар – 164 035, оқушылар – 135 633. 

 

3.4. Халықтың жасына байланысты құрылымы

Экономикада жұмыс істейтін халықтың жасы бойынша құрылымында аса үлес салмағын 25-28 жастағы – 15,4 %, 29-34 жастағы – 23,8 %, 35-44 жастағы – 25,1 % және 45-54 жастағы – 19 % қызметкерлер құрайды.

16-24 жастағы – 10 %, 55-64 жастағы – 6,5 %, 65 және жоғары – 0,06 % экономикада жұмыс істейтіндер.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа номиналды еңбекақы – 214 889 теңге. 

3.5. Халықтың көші-қоны

Еңбек ресурстардың санына халықтың көші-қоны ықпал етеді.

Халықтың аталған ағымдағы есебі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар –қыркүйек айларында елордаға 113 605 адам келді (ішкі көші-қон 113 133 және сыртқы көші-қон 472) және 83 867 адам кетті (ішкі көші-қон 82 818 және сыртқы көші-қон 1 049). Көші-қон айырымы 29 738 адам (ішкі көші-қон бойынша оң айырымы+30 315 және сыртқы көші-қон бойынша теріс айырымы-577).

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына халықтың көші-қон бойынша мәлімет

 

көрсеткіштер

БАРЛЫҒЫ

сыртқы көші-қон

ішкі көші-қон

ТМД елдері

Басқа елдер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

әйелдер

ерлер

Келгені

60 412

53 193

177

142

77

76

60 158

52 975

Кеткені

43 743

40 124

460

408

107

74

43176

39 642

Көші-қон айырымы

16 669

13 069

-283

-266

-30

2

16 982

13 333

 

Анықтамалы: 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елордаға 61 663 адам келді және 35 693 адам кетті (көші-қон айырымы 25 970 адам).

2009 жылы өткізілген халықтың соңғы санағы Астана тұрғындарының 64% оның бұрыңғы тұрғындары болып табылмайтынын көрсетті. Негізінен олар Қазақстанның басқа өңірлерінен келген көшіп-қонушылар (басым бөлігі Акмола, Оңтүстік-Қазақстан және Қарағанды облыстарынан).

Анықтамалы: 2019 жылдың қараша айында халық санағы жоспарлануда (2018 жыл ішінде дайындық жұмыстары ұйымдастырлатын болады).

Елордада жұмыссыздық деңгейі едәуір дәрежеде басқа облыстардан көші-қон есебінен қалыптастырылады. 20 мыңға жуық адамды құрайтын жыл сайынғы көші-қон өсімі құрылымында шамамен 60% еңбек етуге қабілетті халыққа келеді. Белсенді «Маятниктік көші-қоны» сипаты байқалады, ол қала инфрақұрылымына және еңбек нарығына жүктелім түрде айтарлықтай ықпал етеді.

Қаланың ішкі еңбек нарығын қорғау шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуды шектеу және шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiн сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес елордаға шетелдік мамандарды әкелуге квота сақталады, оларды жұмысқа тартатын лауазымы, кәсібі мен мамандығы, сондай-ақ шетелдік мамандарды тартатын жұмыс берушілерде бос орындар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандыру қадағаланады.

Қағидалармен белгіленген мерзім анықталады, соның негізінде жұмыс берушілер ішкі еңбек нарығында мамандарды іздестіруді жүзеге асыруы тиіс, осылайша қазақстандық мамандарға өз кәсіптік ерекшеліктерін іске асыруға басымды құқық ұсынылады.

Рұқсат беру кезінде төмендегідей ерекше жағдайлар қарастырылады – қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, бар жұмыс орындарын сақтау және қосымша жұмыс орындарын ашу. 

3.6. Жұмыссыз азаматтар санының серпіні

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздардың саны 22 893 адамды құрайды, ол республика бойынша (Қазақстан Республикасы бойынша – 441 008 адам) жұмыссыздардың саны 5,2%-ды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрайды, республикалық көрсеткіштен 0,4 %-ға (4,9%) төмен.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,5% және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6% құрайды.

Оң үрдіс өнімнің өсуімен, кәсіпорынның инвестициялық белсенділігімен, шағын және орта бизнестің (бұдан әрі – ШОБ) дамуымен, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын кеңейтумен байланысты (мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру және т.б.).

Жұмыссыздықтың көп жоспарлы өлшемі бар, мәселе экономика туралы ғана емес, әлеуметтік, сондай-ақ психологиялық аспектілер туралы да. Егер адам жұмыс істемесе мәжбүрлі жұмыссыздық жылдары ішінде ол кәсібін мүлдем жоғалтады, жылдар ішінде жинаған тәжірибесінен айырылады, кейбір кезде әлеуметтік төмен деңгейге түседі. Көптеген адамдарға мәжбүрлі жұмыс істемеген жылдардан кейін ұжымда жұмысты бастау психологиялық тұрғыдан қиындау. Бастапқыда ұзақ және қажырлы еңбек етуге тырыспайтын адамдар бар, олар жеңіл жұмыс істеуге дайын. Қазақстанның болашағы «ақылды экономика», бүгін бізге білікті, тәжірибелі кадрлар қажет. 

3.7. Еңбекақы

2017 жылдың 3 тоқсанында бір адамға орта мерзімді номиналды еңбекақы 222 729 теңгені құрады, ағымдағы жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 0,3 %-ға азайды, нақты еңбекақының индексі 98,7%-ды құрады.

Еңбекақының айырмашылығы әр түрлі қызмет саласында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер үшін тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметінде белгіленген – 510 710 теңге, еңбекақының ең төмен шамасы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында белгіленген – 136 053 теңге.

Ірі және орта кәсіпорындарда орта мерзімді номиналды еңбекақы 2017 жылдың 3 тоқсанына 231 251 теңге болды.

Бір адамға орта мерзімді номиналды еңбекақы, теңге

Нақты еңбекақының индексі

 III тоқсанға

пайыздық

пайыздық

алдыңғы тоқсанға

Өткен жылдың тиісті тоқсанына

алдыңғы тоқсанға

Өткен жылдың тиісті тоқсанына

барлығы

 222 739

 99,7

 107,4

 98,7

 99,4

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

 136 053

 86,1

 105,0

 85,2

 97,3

Кәсіпкерлік

 249 547

 106,2

 112,9

 105,2

 104,5

Құрылыс

 309 360

 114,0

 134,8

 112,9

 124,8

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

 176 228

 105,1

 114,8

 104,0

 106,3

Көлік және жинақтау

 240 416

 102,3

 100,6

 101,3

 93,1

Тұру және тамақтану жөнінде қызмет көрсету

 163 814

 108,1

 106,8

 107,0

 98,9

Ақпарат және байланыс

 317 549

 95,4

 108,5

 94,4

 100,5

Қаржы және сақтандыру қызметі

 385 838

 90,3

 104,0

 89,4

 96,3

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

 180 284

 108,5

 110,9

 107,5

 102,7

Кәсіби, ғылыми және техниқалық қызмет

 510 710

 117,6

 104,0

 116,4

 96,3

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

 152 390

 108,0

 114,7

 106,9

 106,2

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

 200 274

 97,3

 102,6

 96,4

 95,0

Білім

 148 561

 75,7

 95,5

 74,9

 88,5

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

 154 046

 95,6

 109,8

 94,6

 101,7

Өнер, ойын сауық және демалыс

 300 943

 141,2

 118,8

 139,8

 110,0

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

 240 302

 102,7

 91,8

 101,7

 85,0

 

3.8. Халықты жұмыспен қамту және экономикалық

белсенділігі деңгейінің серпіні.

Астана қаласының жұмыс күшінің саны (экономикалық тұрғыдан белсендi халық) 2013-2017 жылдар ішінде 75 757 адамға ұлғайды (немесе 17,4 %) және 2017 жылдың 3 тоқсанының соңында 510,2 мың адамды құрады.

Еңбек нарығы бойынша ақпаратты алу үшін негізі 2001 жылдан бастап тоқсан сайын жүргізілетін халықты жұмыспен қамтудың іріктеп тексерудің деректері болып табылады. Зерттеумен республиканың барлық өңірлері қамтылады. Бақылау объектілері үй шаруашылықтары және төменгі жастық шегін белгілемей 15 және одан жоғары жастағы адамдар болып табылады (аталған зерттеулерді жариялау кезінде Халықаралық Еңбек Ұйымының стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарында негізделген ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады).

Халық санында жұмыс күшінің үлесі 72,6%-ды құрайды. Елорда халқының экономикалық белсенділігі деңгейін және жұмыспен қамту деңгейін ұлғайту, тұтастай алғанда экономикалық өрлеуімен негізделген еңбек нарығын жандандыруды айқындайды.

Астана қаласының экономикасын дамытуға 487 334 адам елеулі үлесін қосады. Жұмыспен қамту деңгейі жұмыс күшінің санына 95,5%-ға жетті. Жұмыспен қамтылған халық арасында жалдамалы жұмыскерлердің саны 456 477 адамды, немесе 93,7%-ды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 30 857 адам немесе 6,3%-ды құрады.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында ерлер саны 261 107 адамды, әйелдер – 226 227 адамды құрады.

2017 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыз халықтың саны 22893 адамды құрады (оның ішінде, ерлер – 12310 адам, әйелдер – 10583 адам).

15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің құрамына енбейтін адамдардың саны 192 102 адамды құрады. Жұмыс күшінің құрамына енбейтін адамдардың деңгейі 27,4 %-ға қалыптасты.

Қала үшін ерлерді жұмыспен қамтуды иелену басым болуы тән. Жұмыспен қамтылғандар ішінде экономика салаларында ерлер 34,9 пайызға көбірек (жұмыспен қамтылған халық – 487 334, оның ішінде ерлер – 261,1 мың адам және әйелдер – 226,2 мың адам). Ерлер мен әйелдер арасындағы жұмыссыздық 4,5%-ды құрайды.

Жұмыспен қамтылмаған азаматтардың елеулі бөлігін жас балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін жас әйелдер құрайды.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамтылмаған халық арасында 99,7% жоғары және орта кәсіптік білімі бар.

Еңбек етуге қабілетті жастағылардан жоғары адамдар (58 және одан да жоғары әйелдер, 63 және одан да жоғары ерлер 2 735 адамды құрайды (немесе 0,6%).

Еңбек нарығында және жұмыспен қамту саласында бірқатар проблемалар бар:

1. Елорда тұрғындарының есебі бойынша бірыңғай қордың болмауы (халықтың көші-қонын зерделеу, жұмыссыз азаматтарды анықтау және елорда тұрғындарының сапалы есебін қамтамасыз ету.)

Бүгінгі күні жалпы және ресми тіркелетін жұмыссыздық арасында елеулі айырмашылық байқалады.

Статистика органдарының мәліметі бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздардың саны 22 893 адамды құрайды. «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жұмыс іздеп 14 616 азамат хабарласты.

Елорда халқының көші-қон мәселесін зерделеу кезінде халық саны бойынша, оның ішінде келген және кеткен азаматтарға қалада тұрақты немесе уақытша тіркелімінің болуы бойынша статистика және көші-қон органдары мәліметінің айырмашылығымен қақтығысамыз.

Статистика органдарының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 қазанына тұрақты тіркелімі бар халық саны 1 020 722 адамды құрайды (бұнда бар уақытша тіркелім бойынша мәліметтер ескерілмейді).

Көші-қон басқармасының мәліметі бойынша тек 2017 жылдың 10 айы ішінде ішкі көшіп-қонушылар уақытша – 234928 адам және сыртқы көшіп-қонушылар – 141697 адам тіркелді. Олардың қаладан кетуі туралы мәліметтер жоқ.

2.Елорданың білім жүйесі еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделмеген.

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі.

Елордада белгіленген еңбек нарығының ахуалы сұраныс пен ұсыныстың біліктілік-кәсіптілік құрылымының сәйкессіздігімен сипатталады. Осыған байланысты, өзекті міндеттердің бірі қала экономикасының қажеттіліктерін және еңбек нарығында туындаған ахуалды ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жолымен құрылымдылық сәйкессіздікті жою болып табылады.

Осы бағыттағы бірінші кезекті міндеті жұмыс күшін сапалы дамыту, еңбек қызметінің жаңа салаларын игеруде, оның ішінде кәсіпкерліктің жаңа инновациялық өндіріс пен қызметтері саласында жұмыссыздарды кәсіптік бағдар беру болып табылады.

Білікті кадрларда өңдеуші өндірісте, құрылыс кешенінде, білім, денсаулық сақтау, қызмет көрсету саласында жеке мамандықтар мен кәсіптер бойынша тапшылық сақталады.

Жеткіліксіз кәсіптік бағдар беру.

Кәсіптік оқу орындары еңбек нарығының қажеттілігі үшін мамандар даярлауды жоспарламайды.

Елордадағы еңбек нарығының сұранысы мен ұсынысын сапасыз мониторингтеу және талдауынан контингентті қалыптастыру экономиканың қажеттіліктеріне сай келмейді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары елорданың экономика қажеттіліктері үшін мамандықтарды, сондай-ақ болашақ кәсіптерді жоспарлауға мүмкіндіктері жоқ.

Кәсіптік бағдар беру әдістемесі жоқ, практика оқу орындарында, бірінші кезекте, мектепте жақсы қойылған кәсіптік бағдар беру жұмысы елеулі дәрежеде көмектеседі және түлектерге кәсіпті таңдауды жеңілдететінін көрсетті.

Кәсіпті таңдауда ауысатын әлемдік экономика серпіні жағдайында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде еңбек етуге қабілетті жаста жүргізу ұсынылады.

3. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың есепке алуы және салық салуының болмауы.

Түйінді проблемалардың бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кірістерін тіркеу және есепке алуының болмауы, және тиісінше бюджет түсімінен салықтық және өзге де аударымдар.

Статистика өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында негізгі үлесін әйелдер мен ерлер құрайтындығын көрсетеді. Атап айтқанда, бұл адамдар бүгін жеткіліксіз түрде мемлекетпен ұсынылатын әлеуметтік қызметтер және кепілдіктермен қамтылған, алайда олар тұтынушылармен тікелей өзара әрекет етеді, ал олардың жұмысы халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Астана қаласы бойынша 30 857 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бар.

Елорданың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарын анықтаған кезде оларды көлеңкелі экономикадан шығару және анықтау бойынша мәселесі туындады («конвертте» ресімделмеген еңбекақыны, тіркелмеген бизнесті тоқтату және т.б.).

Бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар іс жүзінде әлеуметтік, құқықтық қорғау және әлеуметтік реттеу мүмкіндіктерінен айырылады. Сондай-ақ, жұмысынан айырылған жағдайда бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар пакеті (міндетті медициналық сақтандыру, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде зейнеткерлік төлемдер, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер және т.б.) болмайды, себебі бұл адамдармен нақты еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) жұмыс берушілермен қарым-қатынастар тиісті түрде ресімделмеген;

2) қандай да бір салықтық және әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген.

4. Жұмыссыздар үшін старттық мүмкіндіктерді құру және олардың әлеуетін дамыту бойынша жеткіліксіз атқарылатын жұмыс, оның ішінде:

29 жасқа дейінгі жастар;

әйелдер (оның ішінде мүгедек балаға күтім көрсетудегі);

зейнеткерлік жасы алдындағы адамдар;

мүмкіндігі шекутеулі адамдар;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;

интернат ұйымдарының түлектері және т.б.

Жеткіліксіз бәсекеге қабілеттілігімен иелеген жұмыссыз азаматтарды (жастар, жас балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін жас әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер) еңбек нарығына біріктіру қажет.

Жастар үшін жұмысқа орналастыру саласындағы ахуал қауыртты. Мамандар айтқандай, білімнің жеткіліксіз деңгейі, төмен кәсіптік даярлау, өндірістік тәжірибенің болмауы, еңбек нарығында сұраныстың жағдайы туралы дұрыс ақпараттандырмау, жоғары бәсекелестік, жас халықтың стихиялық еңбектік көші-қоны және бұл ретте еңбекақы бойынша ізденушілердің жоғары сұранысы – жастарды жұмысқа орналастырудың негізгі кедергілері болып табылады.

5. Екінші деңгейдегі банктерде қарыз қаражаттарына қолжетімділіктің болмауы.

ШОБ тұрақты дамыту мәселесі ерекше экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын иеленеді. ШОБ әрдайым кредиттік ұйымдар мен инвесторлардан старттық капитал ала алмайды, оларға осы проблеманы өздеріне шешуге тура келеді.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кредиттік қаражаттардың қолжетімсіздігі және банктердің тиімсіз жоғары пайыздық мөлшерлемелері бизнеске тиімді дамуға мүмкіндік бермейді.

Қаржыландыруға шекті қолжетімділік капиталды және ағымдағы шығыстарға қарыз қаражаттарын алуды қиындатады. Ұзақ мерзімді және мерзімі ұзартылған кредиттер алу қиынға соғады. Ескірген негізгі қорды жаңғырту үшін қажет импорттық жабдықтардың қымбаттауы бизнестің шығынын ұлғайтады. Энергожеткізушілерге, бензинге бағалардың өсімі, ұлттық валютаның құлдырауы, валютаның курсы өсуін жалғастыруда, мұнайға баға төмен болып қалуда – осы барлық факторлар бизнестің дамуына кедергі болады. .

Екінші деңгейдегі банктермен көптеген кредиттер ұсынылады, олардың пайыздық мөлшерлемелері 19-дан 25%-ға дейін аутқиды, ол ШОБ қызметіне жағымсыз әсер етеді.

Анықтамалы: Бүгінгі күні, Астана қаласы өңірлер арасында жалпы ішкі өнімінде (бұдан әрі – ЖІӨ) ШОБ үлесі бойынша көшбасшы. ШОБ жұмыспен қамтылғандардың саны 9 %-ға ұлғайды, ол шамамен 316 мың адамды құрайды. Ағымдағы жылы экономиканың 4,1%-ға дейін өсуі болжанады. ЖІӨ өсімін 5,8 трлн.теңгеге дейін жеткізу болжанады.

ШОБ-тың қолданыстағы субъектілерінің саны 3,8 %-ға ұлғайдыы және шамамен 96 мың бірлікті құрайды.

Астанада бизнесті дамыту бойынша өңірлік және жергілікті бағдарламалар бар:

1) Бизнестің Жол картасы 2020:

жаңа инвестициялық жобалар бойынша пайыздық мөлшерлеме 19 %, оның ішінде 7 % мемлекет өтемақы төлейді;

өңдеуші өнеркәсіп жобасы бойынша – 19%, оның ішіндегі 10% мемлекет өтемақы төлейді;

2) Астана бизнес – 8,5 % көп емес, барынша кредит сомасы 100 млн. теңге;

3) «Astana – ZhasStarT» – 8,5 % көп емес, барынша кредит сомасы 20 млн. теңге;

4) «Startup» – 7,9% көп емес, барынша кредит сомасы 50 млн. теңгеге дейін;

5) «Astana Service» – 8,5 % көп емес, барынша кредит сомасы 150 млн. теңге;

6) «Astana Retail» – 8,5 % көп емес, барынша кредит сомасы 200 млн. теңге.

6. Инфрақұрылымға (коммерциялық, өндірістік) еркін қолжетімділіктің болмауы, жер учаскесін рәсімдеуге ұзақ процедура, (коммуналдық және көліктік қызметтерге тарифтердің өсуі) және қарыздық қаражаттарды алу үшін ұзақ процедуралар.

Кәсіпкерлікті дамыту үшін кедергілердің бірі өндірістік инфрақұрылымға қолжетімсіздік, бірінші кезекте ол коммуникацияларға қосылумен қиындықтар (жылу, электроэнергия, су) болып табылады.

Жеке меншікке жер учаскелерін алуда ұзақ рәсім және құрылыс жұмыстарына рұқсат алу инвестициялар, кәсіпкерлік және жаңа жұмыс орындарын құру үшін айтарлықтай кедергі болып табылады.

Аталған рәсімдерден өтуге кеткен уақыт инвесторларды шығынға әкеледі, осылайша бар бөлігі қарыздық болып табылады және ұзақ келісу рәсімдері кезінде кәсіпорынды ашу кейінге қалдырылады, ол пайданы жоғалтуға әкеледі және осыған ұқсас қалаларға қатысты қаражат салу үшін Астананы тартымсыз етіп көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кредит алу үшін проблемалар бар, міндетті шарты – кепілін растау және екінші дәрежелі банктердің құжаттарды (1-ден 6-айға дейін) ұзақ қарастыру.

7. Сұранысқа ие (тапшы) мамандарды тарту үшін әлеуметтік пакеттің (қолжетімді баспана, жалақыны өсіру және т.б.) болмауы.

Бүгінгі күні, еңбек нарығында білікті (заң, экономика, медициналық және техникалық мамандықтар қызметкерлерінің) кетуі және кәсіптік білімі жоқ біліктілігі жоқ жұмыс күшінің келуі байқалады.

Осының аясында келесі мәселелер туындайды: білікті мамандарды қалдыру, кететін мамандарды ауыстыруға дайындау, келетін біліктілігі жоқ жұмыс күшін кәсіптік оқыту және қайта даярлау.

8. Жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктің болуы туралы халыққа ақпараттың қолжетімділігі.

Қазіргі уақытта, еңбек нарығында Астана қаласындағы бар жұмыстар бойынша жастар және өзге де мұқтаждар қалаған білімін және болашақ кәсібін алу мүмкіндіктерінің болуы үшін ақпаратты ұсынуда тапшы және жеткіліксіз қолжетімділік бар.

Бос орындар және жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы ақпараттар жұмыспен қамту орталықтары арқылы және жеке кадрлық агенттіктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс.

Жұмыс орындарын іздеушілерді салыстыру бойынша еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз ететін жұмыс беруші көбінесе ақпаратпен қамтамасыз етілген. Жалпы, барлық еңбек нарығының субъектілерін (жұмыс орындарын іздеушілер сияқты жұмыс берушілер ретінде де) ақпаратпен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күні алғы жоспарда.

Ақпараттық асимметрия және бар бос орындар туралы ақпаратқа қолжетімділіктің болмауы еңбек нарығы субъектілерінің мінез-құлқына әсер етеді, белгісіздік пен тәуекелдер тудырады, ол оппортунистикалық мінез-құлыққа қолайлы жағдай жасайды, ол көптеген жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдары бар фрикциялы жұмыссыздықты тудыруға себеп болуы мүмкін.

4. Экономика және жұмыспен қамту.

4.1. Астана қаласы экономикасының құрылымы

Еуразия контингентінің ортасында жайлы орналасу Астананы көлікпен, коммуникациямен және логикистикалық орталықпен, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірімен экономикалы пайдалы етеді.

Астана қаласының экономикалық негізін қызметтің түрлі салалары құрайды, оның ішінде көлік, байланыс, білім және денсаулық сақтау, сондай-ақ сауда мен құрылыс.

2016 жылы жалпы аймақтық өнімнің (бұдан әрі – ЖАӨ) көлемі 2015 жылғы 2,4 % өсімімен 4,9 трлн. теңгені құрады. Еліміздің көлемінде ЖАӨ үлесі 10,4% құрады (Алматы қаласынан кейін 2 орын).

ЖАӨ құрылымында қызмет көрсету үлесіне 66,7 %, сауда – 17,7%. Өндіріс секторона – 15,6 %, оның ішінде – 4,6 %, құрылыс – 11% жарнадан болады.

 

ЖАӨ құрылымы, млрд. тенге 

Астана қаласының инвестициялық көрсеткіштері 

1997 жыл

2017 жыл

ЖАӨ

190 рет

халықтың жан басына

60 рет

Инвестициялардың көлемі

44 рет

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

30 рет

4.2. Елорданың жаңа экономикасы

         Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы еңбек өндірісінің айтарлықтай көбеюін және жұмыспен қамтылған халық санымен салыстыру бойынша озық өсімін болжайды.

Қазір әлемдік экономика адамзатты урбанизациялаудың ең жедел бастауында. Ол туралы швед ғалымы К. Нордстерм атап өткен. Өзгерістердің барлық парадигмасы салалардың емес, мегаполистердің жақын уақыттары өсімдердің түйінді нүктесі болады. Бұл үрдіс – урбанизация және мегаполис билігі бойынша өсімін табады.

McKinsey деректері бойынша әлемдік ЖІӨ 60% 600 қалалық агломерацияда жүргізіледі, бұл тренд өсетін болады, атап айтқанда мегаполистер инвестиция үшін негізгі объект болады, таланттарды тарту орталығы, сондай-ақ жаңа технологиялық шешімдер мен жаңа идеялар, сондай-ақ экономикалық тығыздылыққа байланысты жаңа технологиялық шешімдер мен жаңа идеялардың тұрақты генерациялау орталығына айналатын болады. Осындай бәсекеге қабілетті мегаполистердің болуы жағдайында кез келген елдің технологиялық дамуын айқындайды.

Тек мегаполистерде ғана интернет-заттарды, электрондық коммерцияның, «ақылды» қала жүйелерінің, цифрлы экономиканың және тағы басқаларының төртінші өнеркәсіптік революциясының жаңа секторының пайда болуы мүмкін.

Мемлекет басшысының тапсырмасын және Ұлт жоспарының 69 қадамын «жаңа осы кезең» жағдайына бейімдеуді ескере отырып, Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) негізінде біз түзету жүргіземіз.

Бағдарламаның басты мақсаттарының бірі елорданың жаңа ғаламдық ақылды қалаға трансформациялануы Astana Global Smart City болып табылады. Жеке инвестияциялардан негізделген қандай да бір ауыспалы факторларға қарамастан тұрақты экономикалық үлгінің өсімін құру аса маңызды, МЖК жаппай кәсіпкерлікті дамыту үлгісі.

Бұл мақсаттарға әкімдікпен 10 басым секторы анықталды: 5 түйінді және 5 қолдайтын сала анықталды.

5 түйінді сала:

1 – туризм. Елордада әлемдік деңгейдегі құрылған спорттық-мәдени объектілердің, медициналық кластердің арқасында – Астана оқиғалық, іскер және медициналық туризмнің халықаралық орталығы болмақ.

2 – құрылыс кластері, құрылыстағы жаңа технологияларды, жаңа материалдарды, инжинирингті қоса алатын елорданың аумақтық сияқты экономикалық та ауқымын оң өсімін қамтамасыз етуді рұқсат етеді.

3 – қаржылық орталық. Әлемдік инвесторлар үшін арнайы жағдайларды таңдаумен «Astana» халықаралық қаржылық орталығын құруды, ағылшын құқығы принціпіне, салықтық жеңілдіктерге негізделген тәуелсіз құқықтық жүйесі жеңілдетілген визалық және еңбек режимі, ЭКСПО халықаралық көрмесінің заманауи инфрақұрылымы және негізгі әлемдік қаржы орталықтарымен тікелей әуехабарламалар жоспарлап отырмыз.

4 – «ақылды қала» үшін шешімдерді қоса ала отырып, заманауи өндіріс.

5 – мемлекеттік қызметтер мен халықаралық ұйымдар, бұл Астанаға халықаралық ұйымдардың өңірлік штаб-пәтерлерін тарту және коммерциялық емес ұйымдар саласында ұлттық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.

5 қолдайтын сектор – кәсіптік білім, денсаулық сақтау (медициналық туризм), сауда және логистика, креативтік секторлар, мәдениет және спорт.

Бағдарлама шеңберінде 50 мың жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде басым секторларында жоғары табысты жұмыс орындарын құру жоспарлануда. 

4.3. Экономиканың бейресми секторы және

өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жоғары үлесінің проблемасы еліміздің экономикасын дамуында ең өзектісі болып қалуда және халықтың кедейлік факторының бірі болып табылады. Өз бетінше жұмысшылардың көп үлесі ауыл, орман және балық шаруашылығы, сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада, көлік және үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу, көлік және құрылыста жұмыс істейді. Осы барлық адамдар әдеттегідей төмен тұрақсыз табыс табады.

Төмендегілерді:

Жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) және Пәтер иелері кооперативі ассоциациясымен (ПИКА) бірлесіп, сауалнамалау арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты есепке алу;

әлеуметтік желілерді (инстаграмм, индрайвер,Olx арқылы сауда қызметін жүзеге асыру) мониторингтеу;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің халықпен кездесу жолымен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың табыс деңгейін анықтап, оларды тиісті санаттарға жатқызу: «Жеке кәсіпкер», «Кооператив иесі», «Фермер шаруашылығы», «Отбасылық кәсіпорын» және т.б.

Бейресми жұмыспен қамтуды қысқарту мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу үшін тіркелген шағын және орта бизнесті ашу және жұмыс істеуіне оң жағдайлар жасау қажет, оның салық салуын оңтайландыру, еңбек ақы деңгейін арттыру, құқықтық нормаларын жетілдіру және бейресми қызметті жүзеге асырғаны үшін кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. 

5. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбек нарығының ролі

Жұмыспен қамтудың сапалы жаңа түрін құру халықты жұмыспен қамту нарығын кеңейтуді және жұмыс күшіне сұранысты ұлғайтуды рұқсат ететін кәсіпкерліктің шағын және орта секторын серпінді дамытудың болуын талап етеді. Аталған жағдайдағы Кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарын ашуды, бар бизнесті дамыту, ірі фирмалар ішінде бастамашылықтарды ынталандыруды қамтиды.

ШОБ дамыту төмендегі басымдықтар қатарынан тұрады:

шағын кәсіпкерлік төменгі капитал жинаумен жаңа жұмыс орындарын құруға, шағын кәсіпорындарында бір жұмыс орны есебінде капитал шығынына ықпал етеді, тәртіп бойынша ірі бизнеске қарғанда айтарлықтай төмен;

шағын кәсіпорындар үшін тым төмен техникалық жабдықтау сипатталады яғни, өнідірісте пайдаланатын құралдар бірлігіне ірі кәсіпорындарға қарағанда еңбектің көбінесе бірлігі кетеді;

шағын кәсіпкерліктің ерекшелігі олардағы қиындатылған басқару құрылымының болмауы, ол осындай кәсіпорындардың пайда болу үдерісін жеңілдетеді;

шағын бизнес іскер адамдарға жақын, яғни бастамашылық жасауға, шығармашылық белсенділік танытуға айтарлықтай мүмкіндік береді;

шағын фирмаларда еңбектің және жалдаудың икемділігі кең таратылған (толық емес жұмыс күні немесе апта, сырғымалы кесте, қоса атқарушылық және т.с.с.), ол да сондай-ақ көптеген жұмысшылар үшін тартымды.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бойынша жүргізілген саясаттың нәтижесінде соңғы жылдары сандық сияқты сапалық қатынастарда да айтарлықтай өзгерістер болды.

2017 жылдың 1 қарашасына шағын кәсіпкерлік субъектісінің саны 103,3 % -ға өсті және 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,7 мың адамды құрайды.

2017 жылы өндірілген өнімнің, жұмысы мен қызметінің көлемі 1 734,5 млрд.теңгені құрайды, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 ретке ұлғайды. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 1,1 ретке ұлғайды, 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 316, 2 мың адамды құрайды.

 

Көрсеткіштер

2017 жыл (мың адам)

2016 жылдың тиісті кезеңіне %

2017 жылдың 1 қазанына

Жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны

95 696

103,8

2017 жылдың на 1 шілдесіне

Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны

316,2

109,0

 

Жаппай кәсіпкерліктің үздік дамуы мақсатында кәсіпорындар өзара іс-қимыл жасасумен және шағын бизнесті құру рәсімін жеңілдету бойынша шаралар кешенін және салықтың жүктелімнің, сондай-ақ еңбектік шығындарға жалпы нақты ауыртпалықты біртіндеп төмендетуді өңдеу үшін жергілікті атқарушы органдармен байланыста жұмыс істеулері қажет, ол жаңа жұмыс орындарын құруды рұқсат етеді.

Кәсіпкерліктің шағын және орта бизнесін дамыту жұмыссыздықпен күрестің тиімді стратегиясының бірі болып табылады. Әлемдік тәжірибеде үздік деп ұсынылған аталған стратегия елордада бір уақытта екі міндетке қолжеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін:

1) тауарлар мен қызметтердің кеңейтілген өндірісі арқылы экономикалық өсімді ынталандыру,

2) ресми тіркелетін және жасырын жұмыссыздықты төмендету есебінен әлеуметтік жағдайды жақсарту, жұмыссыздарды және толық емес жұмыспен қамтылғандарды өндірістік табыс көздерімен қамтамасыз ету.

6. Жұмыс орындарының сапасы: білім, машық және кәсіптік бағдарлау

Еңбек қажеттілігіне бағдарланған және қызметкерлерді қажетті машықтармен қамтитын білім берудің дұрыс жүйесі қала экономикасының тұрақты дамуына аса маңызды.

Машықтар елдерге жаһандық нарықта ықпалдасуға және ең технологиялық озық салаларда мамандануға септігін тигізеді. Егер жаһандық өндіру-өткізу тізбектеріне қатысу дамыту машықтарымен сүйемелденсе, онда ол елдерге өндірістік өсімнің аса жоғары қарқынына жетуіне рұқсат етеді.

Жаһандық нарыққа және оның өсіміне шығу үшін барлық салалар бойынша мықты когнивиттік машықтары (сауаттылығы, есебін және міндеттерді шешуін есепке ала отырып) қабілеттерімен ғана емес, сондай-ақ басқару және коммуникациялық машықтарымен және үйренуге дайын қызметкерлер қажет. Жаһандық өндіру-өткізу тізбектеріне қатысатын өндірістік басымдықты тарату үшін барлық экономика бойынша, барлық кәсіпорындар, сондай-ақ шағын кәсіпорындарға осындай машықтары бар қызметкерлер қажет.

Машықтар адамдарға жаһандық өндіру-өткізу тізбектеріне әлеуеттік жағымсыз әсер етуіне оңтайлы ден қоюға көмектеседі.

Елдер өз халқының машығын дамытуға инвестициялау арқылы шет елге өндірісін шығару алдында тәуекелдерден қызметкерлердің осалдығын төмендетуі мүмкін. Адамдар жұмыста не істесе, яғни олардың даму машықтары, сондай-ақ туындайтын тәуекелдерін алдында жұмыс орындарында олардың осалдығына қатты әсер етеді. Егер қызметкерлер қажетті машықтарын иеленсе, олар өз жұмыс орындарында дами алады және өзгеру қажеттіліктерге бейім болады.

Барлық елдерде аса жоғары білім денгейі бар қызметкерлердің білім денгейі тым төмен қызметкерлерге қарағанда аса жоғары сапалы жұмыс орындары бар. Алайда, өндіру-өткізу тізбектері көбірек жұмылдырылған елдерде жоғары білімділер мен білімі төмен қызметкерлердің арасында жұмыс орындардың айырмашылығы өте үлкен.

Ересектердің көп санына жаһандандыруды шақыруға ден қоюға қажетті машықтар жетіспейді. ОЭСР елдерінде 200 миллионнан астам ересектерде (шамамен әр төртінші) сауаттылығы немесе есепке алу машығы деңгейі төмен, оның ішінде 60 % екі санатқа жататын машықтар жетіспейді.

Соңғы 15 жыл ішінде әр түрлі старттық ұстанымдардан бастаумен Корея Республикасы және Польша Республикасы өздерінің жаһандық өндіру-өткізу тізбектерін қатысуын, сондай-ақ өз халқының экономикалық және әлеуметтік нәтижелер машықтарын жақсартумен технологиялық озық облыстарда маманданымдарын күшейтті.

Чили Республикасы мен Түрік Республикасы жаһандық өндіру-өткізу байланыстарында өзінің қатысуларын ұлғайтты, жаһандық өндіру-өткізу тізбектерге шақыртуға ден қоюға қажетті машықтарын дамытты және жұмыспен қамту саласында үздік нәтижелерге жетті. Олардың машықтары, алайда технологиялық озық салалардың талаптарына осал сәйкес келеді, ол мұндай елдерде маманданымның төмен деңгейін көрсетеді.

Германия Федеративтік Республикасы (бұдан әрі – Германия) және Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ), сондай-ақ жаһандық өндіру-өткізу тізбектерінде өзінің қатысуын елеулі ұлғайтты. Алайда, Германия халқының машықтары АҚШ-қа қарағанда, Германияның салалық маманданымын дамытуға көп қолдау жасайтыны байқалады.

Бірнеше елдер қатары, мысалы, Греция және қандай да бір дәрежеде Бельгия жаһандық өндіру-өткізу байланыстарға осал ықпалдастырылған, өз халқының машығын аз арттырған және экономикалық өсім ретінде жаһандық өндіру-өткізу тізбектерін пайдалана алмады.

Жаһандық өндіру-өткізу тізбектерінің артықшылықтарын пайдалану үшін елдерге білім мен даярлауға инвестициялар жасау қажет, ол саясат және сауда-өнеркәсіп шараларын сәйкес келтіру үшін білім және көші-қон саясатынан бастап жұмыспен қамтуды қорғау бойынша саясаттан аяқтаумен машықтарға қатысты саясаттың шараларын үйлестіру қажет.

Түлектерді сенімді біліктілікпен және еңселі өзекті машықтарды алуға жарақтау қажет, мектеп алды кезеңінен бастап және ересек жаста оқуды жалғастыра отырып, білім мен даярлау жүйесі барлық оқитындарға талап етілетін машықтардың еңселі жиынтығын беруі қажет. Бұл үшін оқытудың новаторлық стратегиясын, білім беру бағдарламаларын таңдауда икемді тәсілді және кәсіпкерлікке оқытуды мұқият ойластыруды әзірлей отырып, когнитивтік машықтарға шоғырландыруды сақтау қажет.

Елдер мен қалалар салалардың қажеттілігіне орай машықтардың сәйкес келуін аса сапалы кәсіптік-техникалық оқытудың көмегімен сондай-ақ, ол өнідірісте оқытудың мықты компонентін қоса және жеке секторлар, ЖОО-мен ғылыми-зерттеу институттары арасында тығыз ынтымақтастыққа ықпал ететін саясаттың нақты шаралары көмегінің арқасында қамтамасыз етуі мүмкін.

7. Елорданың еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары, міндеттері.

Негізгі мақсаты: Жұмыспен қамтылған халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек өндірісінің өсімі, қажетті құзыреттер мен машықтарға ие экономиканың басым секторларын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету негізінде арттыру.

Түйінді міндеттер:

1) бар мамандықтар мен бос орындар бойынша ұсыныстарға сұранысты анықтау үшін еңбек нарығын талдау және мониторингтеудің тиімді тетігін құру және ендіру.

2) жұмыспен қамту қызметтерін трансформациялау жолымен еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуін арттыру.

3) жұмыс күші мен жұмыс орындарының сапасын арттыру есебінен еңбек нарығында сұраныстар мен ұсыныстарды, өндірістік еңбектің өсімінің теңгерімділігін қамтамасыз ету.

4) халықты жұмыспен қамту және өзінің әл-ауқатын жақсарту мүмкіндігі үшін тең мүмкіндіктер жасау.

5) Елорданың жаппай кәсіпкерлігін дамытуға және экономика секторының басым және инновациялық инвестицияларына тарту үшін жағымды жағдайлар жасау.

6) еңбек нарығын қажетті құзыреттік пен машықтарға ие мамандықтармен қамтамасыз ету.

7) зұмыспен қамту саласында саясатты іске асыруда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) және өз бетінше реттелетін ұйымдардың (ӨРҰ) жұмыс берушілері (меншік нысанына қарамастан) арасында іс-қимыл жасауды ынталандыру.

8) өзін өзі жұмыспен қамтығандарға жағымды жағдайлар жасау және экономиканың бейресми секторын қысқарту.

9) бос орындар туралы және еңбек нарығында біліктілікті арттыру құралдары жөнінде ақпаратты халықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Астана қаласының еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді келешекке басым бағыттары:

еңбек нарығындағы жағдайды басқару;

жұмыс күшінің құрылымын және сапасын басқару;

еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімі болып табылады.

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігін қамтамасыз ету жұмыс күші мен жұмыс орындарының сапасы, өндірістік еңбектің өсімі есебінен мүмкін.

Елорданың еңбек нарығындағы мемлекеттік саясат жұмыстан босатылған қызметкерлердің теріс салдарын жұмсартуға, тиімді жұмыс орындары мен кадрлық әлеуеттің сақталуына бағытталатын болады. Жұмыс берушілердің еңбектік құқықтарды және жұмыстан босатылатын қызметкерлерге қатысты әлеуметтік жарналарын сақтауға ерекше назар аударылатыны болжанады.

Жұмыстан босату тәуекелдерінде жүрген қызметкерлерді қайта оқыту және біліктілігін арттыру еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге, елорда экономикасының келешектік қажеттілігіне сәйкес еңбектік әлеуметтік қалыптастыруды рұқсат етеді.

Елордада еңбек нарығының тұрақтылығын сақтау мақсатында әкімдіктің және қаланың ірі кәсіпорындарының арасында 2017-2025 жылдарға арналған қызметкерлердің ауысуын басқару жөнінде Жол карталарына қол қойылатын болады.

 

8. Күтілетін нәтижелер.

Осы Тұжырымдаманы іске асыру мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсетумен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жоспарлайды.

Іс-шаралар жоспары жыл сайын Астана қаласы әкімінің орынбасарымен нақтыланады, түзетіледі және бекітіледі.

Мақсаттарға жету және қойылған міндеттерді шешу:

77 500 жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде: 2048 жылы – 19 200, 2019 жылы – 19 300, 2020- жылы 19 500, 2021 жылы – 19 500 құруға;

2021 жылдың соңына дейін 4,5 пайызға дейін жұмыссыздық деңгейін, экономикалық белсенді халықтың тіркелген жұмыссыздық үлесін 0,5 пайызға дейін ұстауға;

бейресми жұмыспен қамтылғандарды көлеңкелі экономикадан шығаруға;

жұмыссыздарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етуге;

еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстардың теңгерімін қамтамасыз етуге;

экономиканың басым секторларын қажетті құзыреттік пен машықтарға ие жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

2018-2019жылдарының бірінші кезеңінде:

 

халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру;

елорданың нақты жұмыссыз азаматтарының сапалы құрамын анықтау;

жалпы және тіркелетін жұмыссыздық деңгейінің өсіміне жол бермеу;

қолданыстағын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру;

шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, аталған секторда халықтың жұмыспен қамтуды кеңейту;

еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін қысқарту;

білім ұйымдарымен кадрларды сапалы дайындау деңгейін арттыру;

жастарға кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысты күшейту;

жұмыс берушінің бастамасы бойынша мәжбүрлі демалыста немесе толық емес жұмыс уақытында жүрген қызметкерлер санының өсімін ұстау, оларды әлеуметтік қолдауды қаматамасыз ету;

ұйымның таратылуына немесе штат санының немесе қызметкерлерді қысқарту нәтижесінде жұмыстан босатылған қызметкерлерді, сондай-ақ жұмыс іздеуде қиындықтарға тап болған (мүгедектер, әйелдер, түлектер және өзге де санаттар) жұмыссыз азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру;

жарақат алу және кәсіптік аурулар деңгейін қысқарту;

жұмыспен қамту туралы халықтың ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

2020-2021 жылдарының екінші кезеңінде: 

кәсіптік білімі бар азаматтардың үлесінің өсімі есебінен еңбек ресурстарының сапалы құрамын, елорда экономикасының кәсіптік-біліктілік құрылымның қажеттілігіне сәйкестігін арттыруды қамтамасыз ету;

қолданыстағыны сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру;

елорда экономикасының басым секторларын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;

білім ұйымдарымен кадрларды сапалы дайындау деңгейін арттыру;

экономиканың басым секторында жұмыс орындардың сапасын, оның ішінде жалақы және еңбек жағдайы деңгейін арттыру;

экономиканың инновациялық секторында жұмыспен қамтылғандардың және тапшы кәсіптер бойынша оқытылатындардың санын арттыру;

жарақат алу және кәсіптік аурулар деңгейін қысқарту;

ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар халықтың үлесін қысқартуды;

халықтың ақшалай табысы өсімін;

жұмыспен қамту туралы ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету.

_____________________________